Химия, биология және экология

Кафедра меңгерушісі

Бердалиева Акмарал Макуловна

Кафедра меңгерушісі, а-ш.ғ.к. тел: 8 (701) 429-42-11, akmaral-20.68@mail.ru, Байтурсынов көшесі,80А, 108-каб

Жалпы мәліметтер

Білім мен ғылымды ұштастыра қызмет атқаратын кафедра алдағы уақытта да сапалы білім мен тәрбие беруге бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Сапалы білім беру және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында кафедрада жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Профессор-оқытушылар құрамында 7 ғылым кандидаты және 7 магистр, аға оқытушы бар. Олардың қатарында химия ғылымдарының кандидаты, профессор Р.Н. Жаналиева, биология ғылымдарының кандидаты Н.М. Ескараев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.М. Бердалиева, биология ғылымдарының кандидаты К.М. Муминова, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары Ж.И. Сапарова мен Г.Б. Қылышбаева және т.б. білікті мамандар бар.

Кафедрада ғылыми-зерттеу және әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жан-жақты жүргізіледі. Кафедра білім алушылары жыл сайын өткізілетін студенттік ғылыми конференцияларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелері үшін жүлделі орындарға ие болып, марапатталып келеді.

Кафедра ұжымының басты міндеті — түлектерге сапалы білім беру және олардың өз саласы бойынша бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына қолдау көрсету.

Кафедра ТМД және алыс шет елдердің жетекші ғылыми-білім беру орталықтарымен тығыз халықаралық байланыстарды жүзеге асырады. Кафедра мүшелерінің көпшілігі халықаралық конференцияларға белсенді қатысады. ҒЗЖ нәтижелері оқу процесіне енгізіледі және дәріс және зертханалық-практикалық сабақтардың мазмұнына енгізіледі. Кафедрада түрлі ғылыми-зерттеу және әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Кафедра студенттері жыл сайынғы студенттік конференцияларға белсенді қатысады, сыйлықтар алады және жақсы нәтижелері үшін марапатталады. Кафедра ұжымының басты міндеті-түлектерге сапалы білім беру және олардың өз бағытында бәсекеге қабілетті маман болуына көмектесу!

Оқытылатын білім беру бағдарламалары

Кафедрада төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті, бәсекеге қабілетті бакалаврлар мен магистрлер даярланады:

  1. 6В01503 – Биология
  2. 6В01516 – Биология (ІР)
  3. 6В01505 – Химия-Биология
  4. 6В01516 – Химия-Биология
  5. 6В05201 – Экология
  6. 7М01501 – Химия
  7. 7М01502 – Биология
  1. 6В01503 – Биология

Мақсаты: еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес келетін, биология саласындағы білікті әрі құзыретті маманды даярлау.

Қызмет саласы: білім беру, ғылыми-зерттеу, педагогикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

Негізгі бағыттары: оқыту және тәрбиелеу; әдістемелік және зерттеу жұмыстарын жүргізу; биология мен химияға қызығушылықты дамыту; сыни ойлауды, пәндік құзыреттерді және заттармен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  1. 6В01516 – Биология (ІР)

Мақсаты: STEM, CLIL және IT технологияларын қоса алғанда, заманауи технологияларды меңгерген, кәсіби құзыреттері мен ғылыми-зерттеу дағдылары қалыптасқан білікті биология мұғалімін даярлау.

Қызмет саласы: білім беру, биология саласындағы педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі.

  1. 6В01505 – Химия-Биология

Мақсаты: кәсіби құзыреттері мен сыни ойлау қабілеті қалыптасқан, еңбек нарығының талаптарына бейімделе алатын бәсекеге қабілетті химия және биология мұғалімін даярлау.

Қызмет саласы: білім беру, химия және биология саласындағы педагогикалық, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

Негізгі бағыттары: оқыту және тәрбиелеу; әдістемелік және зерттеу жұмыстарын жүргізу; заманауи білім беру технологияларын қолдану; химиялық және биологиялық тәжірибелер өткізу; білім алушылардың пәндік құзыреттерін, сыни ойлау қабілетін және экологиялық мәдениетін дамыту.

  1. 6В01516 – Химия-Биология

Мақсаты: кәсіби құзыреттері қалыптасқан және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті химия және биология мұғалімдерін даярлау.

Қызмет саласы: химия және биология саласындағы білім беру, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

Негізгі бағыттары: оқыту және тәрбиелеу; әдістемелік және зерттеу жұмыстарын жүргізу; инновациялық және цифрлық технологияларды қолдану; химиялық, биологиялық және педагогикалық зерттеулер жүргізу; пәндік, экологиялық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту.

  1. 6В05201 – Экология

Мақсаты: жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білікті мамандарды даярлау.

Қызмет саласы: қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық мониторинг, сараптама және ғылыми-зерттеу қызметі.

Негізгі бағыттары: экологиялық мониторинг және аудит; табиғи ресурстарды қорғау; қоршаған ортаға әсерді бағалау; қалдықтарды қайта өңдеу; ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану; экологиялық сараптама жүргізу және экологиялық тәуекелдерді басқару.

  1. 7М01501 – Химия (магистратура)

Мақсаты: сыни талдау жасауға және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті, химия саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Берілетін дәрежесі: химия бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Қызметі: химия саласындағы педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары.

  1. 7М01502 – Биология (магистратура)

Мақсаты: сыни ойлау және ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгерген, кәсіби құзыретті биолог мамандарды даярлау.

Берілетін дәрежесі: биология бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Қызметі: биологиялық білім беру саласындағы оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметі.

Кафедра құжаттары
Жеке парақша
№Аты-жөні ҚызметіҒылыми дәрежесі
1Бердалиева А.М.кафедра меңгерушісіа-ш.ғ.к.
2Жаналиева Р.Н.профессорх.ғ.к.
3Ескараев Н.М.аға оқытушыб.ғ.к.
4Муминова К.Ш.аға оқытушыб.ғ.к.
5Кылышбаева Г.Б.доцента-ш.ғ.к.
6Сапарова Ж.И.аға оқытушыа-ш.ғ.к.
7Сихынбаева Ж.С.аға оқытушып.ғ.к.
8Асамбаева Л.К.аға оқытушыб.ғ.к.
9Оспанова Ж.Х.аға оқытушыб.ғ.к.
10Сатканов М.С.аға оқытушыб.ғ.к.
11Умирзакова А.А.аға оқытушы
12Унгарбаева А.С.аға оқытушы
13Тулешова А.Таға оқытушы
14Бердібекова С.А.магистр оқытушы
15Керімхан Т.Ғ.магистр оқытушы
16Өмірбек А.А.магистр оқытушы
17Оразәлі А.Тоқытушы
Өндірістен шақырған мамандар
1Джанмулдаева Г.А.аға оқытушы
2Салимова С.А.магистр оқытушы
3Пернебаев Ж.Д.аға оқытушы
4Берниязова М.К.аға оқытушы
Ғылым

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары

«Химия, биология және экология» кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі жаратылыстану ғылымдары, экологиялық қауіпсіздік, химиялық технологиялар және білім берудің инновациялық әдістерін дамытуға бағытталған.

Кафедраның негізгі ғылыми-зерттеу тақырыбы – «Химия, биология және экологияны оқытудағы инновациялық әдістер: CLIL, STEM және цифрлық интеграция» (мемлекеттік тіркеу №0125РКИ0292).

Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты К.Ш. Муминова. Зерттеу жұмыстарына профессор Р.Н. Жаналиева, А.М. Бердалиева және Т.Ғ. Керімхан қатысады.

2025–2027 жылдарға жоспарланған зерттеу аясында CLIL, STEM технологиялары мен цифрлық білім беру ресурстарын біріктіретін оқыту моделін әзірлеу, тәжірибелік сынақтан өткізу және оқу үдерісіне енгізу көзделген.

Ғылыми жобалар және ынтымақтастық

Кафедра ғылыми зерттеулерді білім беру ұйымдарымен және өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп жүзеге асырады.

«InnovTechProduct» ЖШС-мен 2023–2026 жылдарға арналған «Өсімдік шикізатынан әртүрлі эфир майларын алу технологиясын жасау және химиялық құрамын зерттеу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі. Жоба жетекшісі – профессор Р.Н. Жаналиева. Қаржыландыру көлемі – 2 млн теңге.

В.В. Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектеппен 2026–2029 жылдарға арналған ғылыми ынтымақтастық аясында химия, биология және экология пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану мәселелері зерттеледі.

Ғылыми конференциялар мен іс-шаралар

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары және студенттері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми семинарларға және стартап-жобалар байқауларына қатысады.

2025–2026 жылдары кафедра өкілдері М.Б. Сапарбаевқа арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға, жас ғалымдардың ғылыми конференциясына, сондай-ақ «Ғылым мен білімнің тұрақты дамуы: Жасанды интеллект пен цифрлық дәуірдегі жаңа стратегиялар» атты конференцияға қатысты.

Білім алушылар мен оқытушылар «Менің арманым» республикалық және «Өз ісім – 2026» халықаралық стартап-жобалар байқауларына да қатысқан.

Ғылыми жарияланымдар

Кафедра оқытушыларының зерттеу нәтижелері халықаралық және отандық ғылыми басылымдарда жарияланады.

2023–2026 жылдардағы ұсынылған мәліметтерде 14 ғылыми жарияланым көрсетілген. Олардың ішінде Scopus базасындағы журналдарда жарияланған мақалалар, Қазақстанның ғылыми басылымдарындағы еңбектер және халықаралық конференция материалдары бар.

Зерттеулер химияны оқыту әдістемесін, су ресурстарын тазартуды, өсімдіктер физиологиясын, экологиялық мониторингті, химиялық қосылыстардың қасиеттерін және жасанды интеллект технологияларын білім беруде қолдануды қамтиды.

Ғылыми нәтижелерді оқу үдерісіне енгізу

Кафедрада ғылыми зерттеу нәтижелерін білім беру тәжірибесінде пайдалану жұмыстары жүргізіледі.

Ұсынылған мәліметтер бойынша 18 енгізу актісі рәсімделген. Олар оқу құралдарын мектеп тәжірибесіне енгізуді, ғылыми мақалалардың нәтижелерін дәрістерде, практикалық және зертханалық сабақтарда қолдануды қамтиды.

Атап айтқанда, «Дәрілік өсімдіктер», «Химиялық экология», «Эксперименттік биология», «Зоология», «Паразитология», «Биохимия» оқу құралдары мен басқа да ғылыми-әдістемелік материалдар білім беру үдерісінде қолдануға ұсынылған.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

Кафедрада ғылыми семинарлар, ашық сабақтар және тәжірибе алмасу іс-шаралары ұйымдастырылады. Семинарларда биологиялық және экологиялық мәселелер, ғылымдағы әйелдердің рөлі, жаратылыстану пәндерін оқытудың заманауи тәсілдері қарастырылады.

2024–2026 жылдарға арналған мәліметтерде 35 оқу-әдістемелік басылым және 2 электрондық оқулық көрсетілген. Бұл материалдар химия, биология, экология және оларды оқыту әдістемесі бойынша білім беру үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кафедра өмірі
Марапаттар мен жетістіктер

«Химия, биология және экология» кафедрасының оқытушылары оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және өнертапқыштық жұмыстармен белсенді айналысады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға авторлық куәліктер алынып, ғылыми мақалалар жарияланды, сондай-ақ өнертабысқа патент тіркелді.

Электрондық оқулықтар:

  • а.ш.ғ.к. Бердалиева А.М., а.ш.ғ.д., Байбеков Е., магистр, оқытушы Салимова С. — «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы»;
  • а.ш.ғ.к Сапарова Ж.И. — «Адам және жануарлар физиологиясы»;
  • х.ғ.к.,кандидаты Жаналиева Р. Н., Ермаханов М. Н. — «Аналитикалық химия».

Оқу және әдістемелік құралдар:

  • химия ғылымдарының кандидаты Р.Н. Жаналиева — «Гетерофункционалдық қосылыстар», «Комплексті қосылыстар», «Химияны оқытуда STEM жобаларды зерттеу»;
  • биология ғылымдарының кандидаты Н. М. Ескараев, магистр, аға оқытушы А. Т. Тулешева — «Цитология, гистология және эмбриология»;
  • магистр, аға оқытушы А.С. Унгарбаева, магистр, оқытушы С.А. Бердібекова — «Химияны оқытудың интербелсенді әдістері».

Ғылыми жарияланымдар:

  • ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А. М. Бердалиева, Б(ІР)к 25-1һ тобының студенті Ж. Жалдыбай — «Биология курсында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру»;
  • биология ғылымдарының кандидаты Н. М. Ескараев, ЭГк 22-1һ тобының студенті Г. Аманбай — «Аридтік өсімдіктердің биологиясы»;
  • химия ғылымдарының кандидаты Р. Н. Жаналиева — «Полимерлі-минералды материалдардың қасиеттерін зерттеу және оларды гидрооқшаулағыш жабындар өндірісінде қолдану»;
  • химия ғылымдарының кандидаты Р. Н. Жаналиева, ХБк 22-1һ тобының студенті Аружан Қуанышқызы Бәкір — «Химияны оқытуда STEM жобаларды зерттеу»;
  • магистр, оқытушы Т. Ғ. Керімхан, ЭГк 24-1һ тобының студенті Ж. А. Өсербай — «Қазақстанның экологиялық хал-ахуалы»;
  • биология ғылымдарының кандидаты К. Ш. Муминова, Б(ІР)к 25-1һ тобының студенті А. К. Калдан — «Омыртқасыздардың биологиялық материалын даярлау және оқу үдерісінде қолдану әдістемесі»;
  • магистр, оқытушы А. Т. Оразәлі, ЭГк 23-1һ тобының студенті Д. Қайратқызы — «Қазақстанның экологиялық хал-ахуалы»;
  • магистр, аға оқытушы А. А. Умирзакова, ЭГк 23-1һ тобының студенті Н. Асанбек — «Урбандалған аймақтар мен агроценоздардың экологиялық проблемалары»;
  • магистр, аға оқытушы А. С. Унгарбаева, ХБк 24-1һ тобының студенті Д. Рахманкулова — «Пластик қалдықтардың адам денсаулығына әсері».

Патент:

Магистр, аға оқытушы А. С. Унгарбаева «Мұнай коксынан көміртекті наноматериал алу тәсілі» атты өнертабысқа патент алды.

Кәсіби жетістіктер:

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Г. Б. Қылышбаева «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» құрметті атағының иегері атанды.

Аталған жетістіктер кафедраның профессор-оқытушылар құрамының жоғары ғылыми-әдістемелік әлеуетін, заманауи білім беру технологияларын белсенді енгізуін және студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту бағытындағы жүйелі қызметін көрсетеді.

Білім беру ісінің үздігі төсбелгісі - Бердалиева А.М

Біздің ЖОО оқытушылары авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік алды.

Тәрбие жұмысы

« Химия,биология және экология » кафедрасы бойынша барлық топ тәлімгерлері өз топтарында жоспарға сай 9 бағыт бойынша тәрбиелік шаралар өткізіп, хаттамалар толтырып отырды. Сонымен бірге 2025 – 2026 оқу жылындағы тәрбие шаралары бойынша жарты жылдық есебінде кафедраларының барлық топтар бойынша тәрбиелік іс-шаралар жоспары түзілген, тәлімгерлік сағаттардың хаттамалары жасалынып, әр бағыт бойынша жоспарға сай тәрбие сағаттары өткізілді.

1 қыркүйек – Білім күніне орай Орталық Азия Инновациялық университетінде мерекелік салтанатты шара өтті. Мерекелік шараның алғы сөзін ашып, білім алушыларды құттықтаған университет ректоры Ажидинов Акмалдин Сапардинұлы – «Ректор Гранты» жеңіп алған білім алушыларды марапаттап, арнайы СЕРТИФИКАТ табыс етті. ГРАНТ иегерлерлерінің арасында университет тарапынан ұйымдастырылған пән аралық білім олимпиадаларының жеңімпаздары, ұлттық біріңғай тестен ең жоғары балл жинаған білім алушылардың арасында «6В01503-Биология» мамандығынан 5 білім алушы: Бахтиярова Дилроза, Жалдыбай Жансая, Калдан Ақжан , Молдабек Кәусар, Насу Саяжан «Ректор Грантын» жеңіп алды. Шара барысында білім алушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен бірге, университеттің мерекелік кешіне арнайы келген Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Аружан Русланқызы білім алушыларды құттықтап, бірқатар білім грантының иелеріне сертификаттар табыстады.

Мәдени, тәрбиелік іс-шаралардың мақсаты мен міндеттері:

Оқыту ғана емес, сонымен қатар нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңіндегі тәрбие мәселесінің өзіндік маңыздылығын түсіну;
Дамыған қоғамда жас маман озық ғылымды, мәдениет үлгілерін, өнерді меңгеруі тиіс. Ең алдымен, рухани Адам әлемі, Ана тілі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дәстүрлі емес құрал-жабдықтар және бұл тек тамыр жайғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан студенттерге білім беруде терең білім беру, маңызды сөзді түсіну қажет;
Оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың бір тәсілі-білім алуды ынталандыру, яғни студенттердің танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше іздеуге бейімделу;
Жастарға қазіргі әлеуметтік жағдайда оған өзінің болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсіндіру;
Қалыптастыру, әлеуметтік жағдайды, студенттің өздігінен білім алу;
Күн сайын қарқынды және үздіксіз өсіп келе жатқан және оны көтере алмайтын стресстік жағдайлардың әсерінен болатын психоэмоционалды жағдайдың салдарынан алкоголь, есірткі, темекі, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдану сияқты әртүрлі теріс мінез-құлық формаларының пайда болуының алдын алу;
Жастарды тәртіптің жаңа түріне үйрету, өз өмірін жауапкершілікпен, тиімді құруға қабілетті салауатты мінез-құлық стереотиптерін дамытудың тиімді жолдарын көрсету;
Болашақ педагогикалық мамандардың рухани-адамгершілік қағидаларын қалыптастыру;
Педагогтардың, топ тәлімгерлерінің басты міндеті-рухани тамаша өмірге жетелеу.

Мәдени-тәрбие іс-шарасының мазмұны:

Ұйымдастыру іс-шаралары
Азаматтық-патриоттық тәрбие
Құқықтық тәрбие
Этносаралық ынтымақтастық, Діни толеранттылық іс-шаралары
Рухани-адамгершілік тәрбие
Жастар бастамаларын қолдау және шығармашылық іс-шаралар
Студенттерді бұқаралық спорт түрлеріне тарту және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар
Студенттердің кәсіби тәрбиесі бойынша іс-шаралар.
Жетім, жартылай жетім студенттерге, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар.

ХМ-219 ХМ-218, ХМ-216 химия мамандығы студенттері 03.12.19 ж. жатақханада Тұңғыш Президент күніне орай» Елі сүйген, елін сүйген Ел бассы»атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Топтың эдвайзері Бекбенова А. А.

16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай ЭГк 21-1һ 6В05201-Экология білім беру бағдарламасының білім алушылары «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты іс-шара өткізді. Топтың эдвайзері Умирзакова А. А.

Кафедрада «Жас биолог», «Жас химик», «Жас эколог» үйірмелері жұмыс істейді.

Оқу-әдістемелік семинарлар
Ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық – Орталық Азия инновациялық университеті қызметінің басым бағыттарының бірі. Ол білім беру сапасын арттыруға, оның халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге және университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуына ықпал етеді. Аталған қызмет отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен серіктестік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта ОАИУ Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетімен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасқан. Жасалған келісімдер бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруды, конференциялар мен семинарлар өткізуді, профессор-оқытушылар құрамының өзара алмасуын және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытуды көздейді.

Академиялық ұтқырлық білім алушының белгілі бір академиялық кезең ішінде Қазақстанның немесе шетелдің басқа жоғары оқу орнында уақытша білім алуын не ғылыми зерттеу жүргізуін қарастырады. Оның негізгі мақсаттары – Қазақстандағы жоғары білім сапасын арттыру, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін нығайту.

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мынадай мүмкіндіктер береді:

  • білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде халықаралық тәжірибе жинақтау;
  • кәсіби білімді тереңдету және практикалық дағдыларды жетілдіру;
  • шет тілдерін меңгеру деңгейін арттыру;
  • халықаралық академиялық ортада сабақ беру және өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін қалыптастыру.

Университет кафедралары Пенжикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институтымен, Тәжік мемлекеттік экономика университетімен, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (Ресей), Ташкент мемлекеттік экономика университетімен және Шыршық мемлекеттік педагогикалық институтымен (Өзбекстан) серіктестік байланыстар орнатқан. Жасалған келісімдер аясында білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламалары, сондай-ақ ғылым және білім беру саласындағы бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылады.

2024–2025 және 2025–2026 оқу жылдарында академиялық ұтқырлық бағдарламалары Шымкент университетімен, Қызылорда «Болашақ» университетімен, Ақтөбе қаласындағы Қазақстан-Ресей халықаралық университетімен және академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетімен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Бағдарламаларға 6B01503 «Биология», 6B01505 «Химия-Биология» және 6B05201 «Экология» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты.

2026–2027 оқу жылында университет ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту жұмыстарын жалғастырды. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Өзбекстан Республикасының Науаи мемлекеттік тау-кен және технологиялар университетімен өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.

2026–2027 оқу жылының күзгі семестрінде «Химия, биология және экология» кафедрасының оқытушылары – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі А. М. Бердалиева және химия ғылымдарының кандидаты, профессор Р. Н. Жаналиева – Науаи мемлекеттік тау-кен және технологиялар университетінің базасында өткен «Зарафшан өңірінің кешенді инновациялық дамуы: жетістіктері, мәселелері мен перспективалары» атты VII халықаралық ғылыми конференцияға офлайн форматта қатысты.

Халықаралық конференцияға қатысу оқытушыларға заманауи ғылыми жетістіктермен және білім беру технологияларымен танысуға, шетелдік әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасуға, ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттары мен алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді. Аталған іс-шара оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, академиялық байланыстарды дамытуға және университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосты.

Орталық Азия Инновациялық университетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Р.Н. Жаналиева 2025 жылдың 15–25 қыркүйек аралығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Механикалық ғылыми-зерттеу орталығында бірлескен эксперименттік жобаларға қатысты.

Екіжақты кездесу барысында 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспары мен бірлескен жобалар бойынша келісімшарттар талқыланды. Механикалық ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері инновациялық технологияларды дамыту және енгізумен айналысатын ғылыми-зерттеу тобын құру мәселесін көтерді.

Алдағы уақытта тараптар ауқымды ғылыми жобаларды бірігіп зерттеуге келісті.

Erasmus

Білім алушының академиялық ұтқырлығы — білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.

Халықаралық ынтымақтастық бұл — Орталық Азия Инновациялық Университеті қызметінің ажырамас бөлігі және білім сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін маңызды құрал. Бұл жұмыс шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін ОАИУ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойды.

Осы университеттермен жасалған келісімдер шеңберінде халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға, оқытушылар құрамымен алмасуға және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамытуға мүмкіндік туды.

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты:

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты — халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?

Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.

Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттерге бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:

  • ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
  • кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
  • пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
  • халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.

Университет Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ механика ғылыми-зерттеу институты (Ресей), Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті (Өзбекстан), Шыршық мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) арасында ынтымақтастық туралы шарттар /келісімдер бар. Осы келісімдердің мәні студенттердің Ғылым және білім беру саласындағы академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету бойынша серіктес ЖОО арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

Халықаралық интеграцияны дамыту мақсатында бірлескен ғылыми-білім беру қызметіне өзара қызығушылық білдіре отырып, химия, биология және экология кафедрасы келесі жоғары оқу орындарымен жемісті ынтымақтастық орнатқан:
1. Чичик мемлекеттік педагогикалық институты (Чичик).
2. Бұхара мемлекеттік университеті
3. Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті
4. Башқұрт мемлекеттік университеті
5. Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті
6. «МИСИС» ұлттық зерттеу технологиялық университеті

7. Тәжік педагогикалық институты (Пенджикент)

8. Беларусь мемлекеттік университеті

9.Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан).
10.Шыршық мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан).

11. М. в. Ломоносов атындағы ММУ механика ғылыми-зерттеу институты (Ресей)

12.Шымкент университеті
13. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ.

Біздің түлектер

Тәжірибе және жұмысқа орналастыру

Практиканың негізгі түрлері: мұғалім мамандығына кіріспе, психологиялық-педагогикалық, педагогикалық және өндірістік-педагогикалық практика.

Практиканың мақсаты – білім алушылардың кәсіби дағдыларын, педагогикалық құзыреттілігін және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.

Практика оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі. Кафедраның жауапты тұлғасы практиканың өткізілуін ұйымдастырады, кіріспе конференциялар өткізеді, қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын және есептік құжаттардың рәсімделуін қамтамасыз етеді.

«Химия, биология және экология» кафедрасының практика базалары:

6В01514 – «Биология (ІР)»

№

Наименование организации

Дата начала

Дата окончания

1

№7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп-лицейі

25.08.2025

25.08.2029

2

Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы КММ

25.08.2025

25.08.2029

3

№80 ІТ мектеп-лицейі

25.08.2025

25.08.2029

4

№89 ІТ мектеп-лицейі

25.08.2025

25.08.2029

5

Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

25.08.2025

25.08.2029

6

№59 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

25.08.2025

25.08.2029

7

Сабыр Рақымов атындағы №53 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

26.08.2026

26.08.2030

6В01503 – «Биология»

№

Наименование организации

Дата начала

Дата окончания

1

Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы КММ

25.08.2025

25.08.2029

2

Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

25.08.2025

25.08.2029

3

№80 ІТ мектеп-лицейі

25.08.2025

25.08.2029

5

«Достық мектебі» ЖШС

25.08.2025

25.08.2029

6В01505 – «Химия-Биология»

№

Наименование организации

Дата начала

Дата окончания

1

Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы КММ

25.08.2025

25.08.2029

2

№7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп-лицейі

25.08.2025

25.08.2029

3

Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

25.08.2025

25.08.2029

4

№80 ІТ мектеп-лицейі

25.08.2025

25.08.2029

6В05201 – «Экология»

Наименование организации

Дата начала

Дата окончания

«KazEcoHolding» ғылыми-зерттеулер және экологиялық сараптама орталығы ЖШС

25.08.2025

25.08.2029

«ECOCENTRE-CONSULTING» ЖШС

25.08.2025

25.08.2029

«Орда Құрылыс» ЖШС

06.09.2023

06.09.2027

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

25.08.2025

25.08.2029

ТОО HILL Corporation

04.09.2024

04.09.2028

ТОО «Сапалы Зерт»

04.09.2024

04.09.2028

«Kosma» ЖШС

13.03.2026

13.03.2030

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС

26.08.2026

26.08.2030

6В01516 – «Химия-Биология»

№

Наименование организации

Дата начала

Дата окончания

1

Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

26.08.2026

26.08.2030

2

№89 ІТ мектеп-лицейі

26.08.2026

26.08.2030

3

Сабыр Рақымов атындағы №53 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

26.08.2026

26.08.2030

«Қазақстан тарихы және жаратылыстану ғылыми пәндері» кафедрасының студенттері оқу жоспарына сәйкес шарттар негізінде № 7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінде тәжірибеден өтеді, №54,69 жалпы білім беретін орта мектеп, «Зияткер-білім» мектебі, №66 «Қазығұрт» атындағы жалпы орта мектеп, №64 Ж.Аймауытов мектеп-гимназиясы, ЖШС «Орда-Құрылыс», ЖШС «Ана-жер», ЖШС «Эко-центр», «Сайрам-Өгем мемлекеттік табиғи ұлттық паркі» студенттер университетте алған теориялық білімдері мен дағдыларын практикада бекітеді.

Жұмысқа орналастыру туралы мәліметтер 2022

Жұмысқа орналастыру туралы мәліметтер 2021

Жұмысқа орналастыру туралы мәліметтер 2020

Жұмысқа орналастыру туралы мәліметтер 2019


  1. №69 жалпы орта білім беретін мектебі
  2. №66 Қазығұрт жалпы орта мектебі
  3. №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп гимназиясы
  4. №54 жалпы орта мектебі
  5. №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейі
  6. ЖШС Орда құрылыс
  7. ЖШС НП Ана-жер
  8. ЖШС Эко-центр
  9. МҰТП Сайрам-өгем
  10. Зияткер-білім мектебі
Түлектерді жұмысқа орналастыру

Университет түлектерінің табысты жұмысқа орналасуын білім беру қызметінің тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі ретінде қарастырады. Жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылып, еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұны үнемі жаңартылып отырады.

Показатели трудоустройства выпускников

Год выпуска

Образовательная программа

Процент

2024

6В01503-Биология

60%

6В01505-Химия-Биология

65%

6В05201-Экология

68%

2025

6В01503-Биология

65%

6В01505-Химия-Биология

72%

6В05201-Экология

60%

2026

6В01503-Биология

75%

6В01505-Химия-Биология

70%

6В05201-Экология

62%