ОПҚ жетістіктері

Өскенбаева Анар Сапарбаевна 2002-2003 оқу жылында Мардан Сапарбаев институтының “гуманитарлық пәндер” кафедрасына оқытушы болып қабылданды. 2005 жылы институт ректорының алғыс хатымен марапатталды. 2015 жылы “Үздік оқытушы” номинациясының иегері атанды. 2017 жылы “топтың үздік тәлімгері” номинациясының иегері атанды. 2019 жылы “Үздік оқытушы” медалімен марапатталды. 2019 жылдан бастап “Педагогика” кафедрасының аға тәлімгері, кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарады. 2022 жылы” Жалпы педагогика және психология”кафедрасының аға оқытушысына ауысты.

Озенбаева Айгерим Тойлыбаевна 2021 жылдан бастап  Орталық Азия инновациялық  университеті «Құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия докторы  (PhD).

26 қазан 2017 жылғы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының құрмет грамотасын иеленіп,  2021 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2021» конкурсының  жеңімпазы атанды.

70-ге жуық ғылыми жариялымдар жарияланған, оның ішінде  4 оқу құралы, 9 монографиялар, импакт-факторы бар Web of Sience және  Scopus халықаралық ғылыми журналдар деректер базасына кіретін журналдарда 7 мақалалар, сондай-ақ 25 мақалалар  Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету  комитеті таныған ҚР рейтингтік басылымдарда жарияланған.

ҚР ҒжБМ-нің ғылыми жобалар қатысушысы болған: 2012-2014 ж.ж. – (1 жоба); 2015-2017 ж.ж. – 2 жоба; 2018-2020 ж.ж. – 1 жоба және қазіргі таңда ҚР ҒжБМ-нің ғылыми жобалар: 2020-2022 ж.ж. – 1 жоба; 2022-2024 ж.ж. – 2 жобалардың қатысушысы болып табылады.

2013 жылы 12-14 қыркүйек аралығында Арканзас Университеті «Құқық» мектебінде ғылыми тағылымдама өтті (АҚШ, Арканзас Штаты, Фейетвилл қаласы).

Жолдасбек Ақерке Сейітханқызы. 2004-2005 оқу жылында “гуманитарлық пәндер” кафедрасына оқытушы болып қабылданды. Менің басты мақсатым-институттың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысу, студенттерге сапалы білім мен тәрбие беру. Институт, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Тотикова Гулдана Арынқызы. 2011-2012 оқу жылында Мардан Сапарбаев институтының “гуманитарлық пәндер” кафедрасының оқытушысы лауазымына қабылданды. 2022 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының бұйрығымен “философия докторы (Phd)” дәрежесі берілді . Бүгінгі таңда Phd докторы, “Педагогика”кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеймін.

Жадигерова Гулшат Абдимуталиповна 2020-2021 оқу жылында Орталық Азия Инновациялық университетінің «Экономика және педагогика» факультетінің «Бизнес» кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 30.06.2011 жылғы №6 хаттама шешімімен экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2 монографияның, 10-нан астам оқулықтың, 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Кафедрада эдвайзер қоғамдық жұмысты атқарады.

Жармаханбетов Нурали Сейдалиевич 2021-2022 оқу жылында «Экономика және басқару» кафедрасына аға оқытушы болып қабылданды. «Қазақстан нарығы үшін көп функционалды POS-терминалдар өндірісін ұйымдастыру және жаңғырту» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қорының» грант иегері (2017-2019 ж.ж.). Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы «Құрмет шыңы» Қоғамдық бірлестігінің «Үздік жетістіктері үшін» төсбелгісімен марапатталған (2017ж.). 1 монографияның, 10-нан астам оқулықтар мен оқу құралдарының, 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді.

Карсакова Гульбала Пердебаевна 2012-2013 оқу жылында «Экономика» кафедрасына оқытушы болып қабылдандым. 5 оқу құралы, 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. 2021 жылы аға оқытушы қызметіне өттім. Университет ректорының алғыс хатымен және Шымкент қаласы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталдым. Қазіргі таңда «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, «Жаратылыстану-ғылыми» факультетінің декан орынбасарының қызметін атқарамын.