Сенім жәшігі

Құрметті тыңдаушылар!

2023 жылдың қараша айынан бастап университет сайтында bizbyrgemyz@gmail.com «Сенім жәшігі» медиаторлар мен заңгерлер клубының ұйымдастыруымен жұмыс істейді.

Егерде сізге заңгерлік көмек және медиатордың көмегі қажет болса, сізді отбасында немесе айналаңызда түсінбеушілік орын алған жағдайда онлайн пошта жәшігімізде анонимді түрде өтініш қалдыра аласыз

Әрбір тыңдаушы университетіміздің бір бөлігі, біз сізді бағалай отырып, түсінуге тырысамыз.

Барлық сұрақтар мен мәселелерді шешу үшін студенттерді «Татуласу» клубымызға шақырамыз.

www.caiu.edu.kz Веб-сайтқа кіріп “Сенім жәшігі” терезесін ашыңыз, поштаңызды көрсету арқылы өтініштеріңізбен ұсыныстарыңызды қалдырсаңыз болады.

Көмек сұрау немесе қолдау сұрау үшін немесе жай ғана сұхбаттасу керек болса, bizbyrgemyz@gmail.com поштасына өтінішіңізді жазыңыз

«Сенім жәшігі» дегеніміз не, оны қалай пайдалануға болады және қалай жауап алуға болады?

Егер сізді достыққа, отбасылық қарым-қатынасқа, университеттегі қарым-қатынасқа, оқытушылармен қарым-қатынасқа қатысты қандай да бір мәселе мазалайтын болса – бұл ақпарат сізге арналған, бізге жазыңыз!

«Сенім жәшігін» пайдалану ережелері
1. Сізді мазалаған мәселенің мәнін көрсетіп bizbyrgemyz@gmail.com поштасына хат жазыңыз

2. Құпиялылық – өз тарапымыздан хат алмасудың құпиялылығын (құпия) сақтауға уәде береміз.
Қаласаңыз, қол қоюдың қажеті жоқ. Сонда сіздің өтінішіңіз жасырын болады, яғни қолтаңбасыз.
Сізбен хабарласуға болатын телефон нөмірін немесе электрондық пошта мекенжайын жаза аласыз
1. Еріктілік – тараптар қаласа, кездесуге тек ерікті түрде келе алады

2. Адалдық – тек сенімді ақпарат қабылданады

Университеттің “ Татуласу” клубы