Хайдаров Нұрлан Шахизиндаевич — Орталық Азия инновациялық университетінің әлеуметтік даму және тәрбие ісі жөніндегі проректоры. 1988 жылдың 26 ақпанында туған. 2005–2009 жылдары ОҚПУ «Отырар» институтында 050602 «Информатика» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім алды. 2009–2011 жылдары осы оқу орнында 6B0103 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді. Еңбек жолын 2008 жылы «Отырар» университетінде кадр бөлімі инспекторы және колледж оқытушысы болып бастады. 2009–2013 жылдары ОҚПУ «Отырар» институтында кадр бөлімі бастығы қызметін атқарды. 2014–2015 жылдары «KazFrac» ЖШС-де материалдық есепші, 2016–2019 жылдары Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде кадрлар бөлімінің бастығының орынбасары болды. 2019 жылдан бастап ОАИУ-да әлеуметтік даму және тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметін атқарады.
Әлеуметтік даму және тәрбие ісі жөніндегі Проректор
Өмірбаяны