«Жаңа Қазақстанның білікті жастары» тақырыбында пәндік олимпиада

Қазақстанды әлемдік деңгейге таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғарғы деңгейде болу қажет. Білім алушыны оқу үрдісінде оқытушымен бірге субьект ретінде танып дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды білім алушылардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі кезде білім алушылар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар жасалынуда. Солардың ішінде білім алушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін олипиадалардың орны ерекше.

Пәндік олимпиадалар – білім алушылардың білім деңгейін тексерудің жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.

Осы орайда «Қазақстан тарихы және жаратылыстану ғылыми пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен  6В01508-«География-Тарих», 6В01505-«Химия-биология» білім беру бағдарламаларының білім алушылар арасында «Жаңа Қазақстанның білікті жастары» тақырыбында пәндік олимпиаданы өткізілді.  Олимпиаданың мақсаты: Білім аушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау;

Олимпиада 2 кезеңге бөлінді. Бірінші кезең тест тапсырмалары, екінші кезең «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында эссе жазу. Барлық білім алушылар  жоғары деңгейде нәтиже көрсетті. Олимпиада жеңімпаздары арнай дипломмен және сыйлықтармен марапатталды. 1 дәрежелі дипломмен 6В01505-«Химия-Биология» білім алушысы  М.Орынбай және  6В01508-«География-Тарих» білім алушысы Г.Абдуманап марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан білім алушылар іріктеліп, қалалық және республикалық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталды және алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.

Share this Post