«Жаратылыстану пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану әдістерін жетілдіру» тақырыбында  ғылыми семинар

14.04.2023 ж. сағат 14 00-де Орталық Азия Инновациялық Университеті «Қазақстан тарихы және жаратылыстану-ғылыми пәндері» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы және студенттердің қатысуымен ғылыми апталыққа байланысты х.ғ.к.,профессор, Жаналиева Рашида Нартаевна «Жаратылыстану пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану әдістерін жетілдіру» тақырыбында   семинар  тренинг өткізді.

Мақсаты: химия, биология және экологияны оқытуда инновациялық технологияларды қолдану әдістерін зерттеу.

ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігі :

  • а) жаратылыстану-ғылыми білім беру әдіснамасын зерттеу;

  • б) оқу процесіне жаңа білім беру технологияларын зерделеу және енгізу;

  • в) химия және биологияны оқыту әдістемесін жетілдіру;

  • г) жоспарланған жобаны орындау.

Семинар қорытындысы бойынша  жаратылыстану пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану әдістерін жетілдіру тақырыбы бойынша: химия, биология  және экологияны оқытуда инновациялық технологияларды қолдану әдістерін зерттеудің маңыздылығы талқыланды.

 Семинар соңында қорытындылай келе «Қазақстан тарихы және жаратылыстану-ғылыми пәндері» кафедра меңгерушісі Бердалиева Акмарал Макуловна бүгінгі семинардың білім алушыларға берері көп екендігін атап көрсетті.

Share this Post