Г.Р.Державин атындағы ТМУ және ОАИУ бірлесуімен өткен «Білім берудегі инновациялық технологиялар: дәстүрлер мен перспективалар-2023» атты халықаралық семинар

Г.Р.Державин атындағы ТМУ және ОАИУ бірлесуімен өткен «Білім берудегі инновациялық технологиялар: дәстүрлер мен перспективалар-2023» атты халықаралық семинар

2023 жылғы 13 сәуірде Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің орыс тілі кафедрасы, филология және журналистика факультеті  доцент Л. С. Моисеева мен доцент Р.Д.Елибаеваның (ОАИУ) жетекшілігімен “Білім берудегі инновациялық технологиялар: дәстүрлер мен перспективалар-2023” атты жыл сайын өткізілетін бірлескен халықаралық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты тілдік сананы қалыптастырудың құралы болып табылатын мектепте және ЖОО-да білім беру мәселелерін талқылау болды.

ОАИУ Академик Мардан Сапарбаев институтының тілдер және әдебиет кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен Самарқанд мемлекеттік университетіне шақырылған  профессор А.С.Щербак  халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы аясында онлайн-форматта белсене қатысты.

Тілдер және әдебиет кафедрасының меңгерушісі Бакирова Ш.Ә. және Г.Р.Державин атындағы ТМУ және ОАИУ жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығын үйлестірушісі доцент Елибаева Р. Д. құттықтау сөз сөйледі.

 ОАИУ тілдер және әдебиет кафедрасынан 12 баяндама жасалды. Пленарлық мәжілісте  доцент Елібаева Р.Д., ф.ғ.к., аға оқытушы Мамирова Ш.К. баяндама жасады. Секция отырысында аға оқытушылар Д.М.Ахметова, С.А.Төлеутай, Л.А.Джиянбаевалар   баяндама  жасады. Қалған 8 баяндама стендті түрде ұсынылды.

Халықаралық семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға Г.Р.Державин атындағы ТМУ сертификаттары берілетін болады.

Г.Р.Державин атындағы ТМУ және ОАИУ жоғары оқу орындарының

халықаралық ынтымақтастығын үйлестірушісі доцент Елибаева Р. Д.

 

Share this Post