«Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы медиация» тақырыбында ғылыми семинар

Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 12 жыл толуына орай «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы ЖОО арасында білім алушылармен алған білімдерін жалғастыру мақсатында оқу және практикалық жұмыстарынының тиімділігін арттыруда «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы медиация» тақырыбында 14 сәуір 2023 ж. семинар-тренингке өтті. Семинар тренингке татуластырушы судья -Отарбаев Еркен Бостанбекұлы, Шымкент қалалық сотының пресс служба басшысы – Дуйсенби Қабыл Турарұлы, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы -Мағжан Исахов, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті- Оразкулова Нурбала Алтынкановна қатысты.
ЖОО арасында ІІІ- дәрежелі дипломмен Ташенов университеті «Әділет» командасы ие болды, ІІ- дәрежелі дипломмен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы «Медицина жастары» командасы ие болды. І- дәрежелі дипломмен Орталық Азия инновациялық университеті «Бейбітшілік» командасы ие болды. Барлық білім алушыларды құттықтап сәттілік тілейміз.

Share this Post