«Қазақстан Республикасының метрологиясына 100 жыл» тақырыбындағы ғылыми семинар

Ағымдағы жылдың 14 – сәуірінде Орталық Азия Инновациялық университетінің «Техника және ақпараттық технологиялар» кафедрасының білім алушылары үшін «Қазақстан Республикасының метрологиясына 100 жыл» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Шараға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны «ҚазСтандарт» филиалының қызметкерлері қатысты. Мекеме басшысы Бейсеев Сәкен Ануарбекұлы –
Адам өмірінің кез-келген саласы өлшеусіз мүмкін емес, ал өлшем бірлігін қамтамасыз ететін арнайы қызметсіз мүмкін емес екенін жеткізді студенттерге. Семинар барысында жалпы қызметтердің презентациясы жасалды. Таныстырған осы мекеменің жетекші маманы Кожанова Карина Кабидоллаевна. «Қазақстан Республикасының метрологиясына 100 жыл» тақырыпта баяндама жасалып,көпшіліктің назарына ұсынылды.
Ғылыми семинардың жетекшісі Мәлік Гүлшат Жақсыбекқызы.

Share this Post