Алматы қаласына танымдық-мәдени сапар
Орталық Азия Инновациялық Университеті студенттері ұйымдастырылған танымдық-мәдени сапар аясында Алматы қаласына барып, межелі жерге аман-есен жетті. Қатысушылар орналастырылғаннан кейін кешкі ас ұйымдастырылып, жолдан кейін демалып, бейімделуге уақыт берілді. Алғашқы күні студенттер қаланың көрікті орындарының бірі — Медеу мұз айдынына барып, Алматының табиғи және туристік әлеуетімен танысты. Күн мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сапардың екінші күні SDU University-де ресми кездесуден басталды. Студенттер университеттің Студректорымен жүздесіп, оқу орнының қызметі, студенттік өзін-өзі басқару жүйесі және жастар белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстармен танысты. Кездесу барысында тәжірибе алмасу және университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Одан кейін қатысушылар мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың үй-мұражайына барып, оның өмір жолы мен ел дамуына қосқан зор үлесі туралы құнды мәліметтер алды. Экскурсиядан соң студенттерге түскі ас ұйымдастырылды.
Күннің екінші жартысында топ Государственный музей искусств имени Абылхана Кастеева музейіне барып, ұлттық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларымен танысты.
Аталған сапар студенттердің тарихи-мәдени танымын кеңейтіп, рухани дамуына және жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға зор ықпал етті.
