🛡 Заң мен тәртіп – құқықтық мәдениеттің негізі
Әрбір білім алушының өз құқықтары мен міндеттерін білуін, оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдана алуын және құқықбұзушылықтың алдын алу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған түсіндіру жұмыстары өтті. Сіздің ұсынысыңызға сәйкес, 2026 жылғы 13 ақпан күні студенттер үшін құқықтық бағыттағы арнайы кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Шымкент ҚПД Тұран УПП-нің тірек пунктіне жауапты УПИ полиция майоры Ақжолов Олжас Мейрамбайұлы және Шымкент ҚПД Тұран КІТЖ бөлімі инспекторы, полиция капитаны Құрманбеков Серік Махатұлы қатысып, заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында: — білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, — құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары, — қылмыстық іс-әрекеттердің салдары, — заң алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, іс-шараға ОАИУ әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор – Нұрлан Шахизиндаұлы Хайдаров қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталды. Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, заңға құрметпен қарауға және қылмыстық әрекеттердің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.