ASTANA TECH CUP – 2026
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Астана қаласында өткен ASTANA TECH CUP – 2026 республикалық технологиялық чемпионаты аясында Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті.
Чемпионат шеңберінде ұйымдастырылған Fibonacci Robot Olympiad робототехника жарысында қатысушылар келесі жүлделі орындарға ие болды:
🏆 Judge Awards
Lego Line Followers (Junior) санаты
RoboLine командасы
🥇 I орын
Entrepreneurship Challenges (University) санаты
Cyber Bricks командасы
Аталған жарыстар барысында университет студенттері сызық бойымен жүретін роботтар санаты бойынша бақ сынап, нәтижесінде Түркия еліне жолдама жеңіп алды.
ASTANA TECH CUP – 2026 чемпионаты Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 2500-ге жуық мектеп оқушыларын, колледж және жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірді. Чемпионаттың басты мақсаты — жастардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ оларды робототехника, IT, технология және жаратылыстану ғылымдары салаларына кеңінен тарту.
Чемпионат жеңімпаздары халықаралық жарыстарға тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болады, оның ішінде:
- Fibonacci International Robot Olympiad (Анталья, Түркия);
- VEX IQ Robotics Competition (Сент-Луис, АҚШ);
- DroneSoccer (Палм-Спрингс, АҚШ).
📍 Чемпионат Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өтті
(Сәтбаев көшесі, 2).
Аталған жетістіктерге студенттер «Техника және ақпараттық технологиялар» кафедрасының магистр-оқытушысы Омар Нұрбек Махамедкәрімұлының жетекшілігімен қол жеткізді.



