«Дәстүр сабақтастығы – мәдениеттің кепілі» тақырыбындағы тәрбиелік сахналық көрініс

Білім алушылардың қатысуымен «Дәстүр – сабақтастығы, мәдениеттің кепілі» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы сахналық көрініс (скетч) ұйымдастырылды. Көріністің негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрдің маңызын көркем тәсілдер арқылы көрсету, ұрпақтар сабақтастығы идеясын насихаттау және жастардың рухани-мәдени санасын қалыптастыру.

Сахналық көрініс барысында қазақ халқының дәстүрлері, отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтардың қоғамдағы орны бейнелі түрде көрсетілді. Қатысушылар өз рөлдерін сенімді орындап, көрерменге тәрбиелік мәні бар ой тастады. Көрініс мазмұны арқылы дәстүрдің мәдениеттің негізі екені айқын көрсетілді.

Аталған тәрбиелік іс-шара ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Share this Post