Рамазан – рухани тәрбие айы!

2023 жылдың 17 сәуір күні Орталық Азия инновациялық университетінде тәрбие бөлімі мен Жастар ісі жөніндегі комитетің ұйымдастыруымен «Рамазан – рухани тәрбие айы!» тақырыбы бойынша кездесу өткізілді.
Кездесуге Қаратау ауданының «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің басшы м.а. – Бахадыр Бекарыс Бекболатұлы мен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі – Керімбеков Анарғали Пірәліұлы қатысты.
Кездесу барысында жастарға Рамазан айының құндылықтары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Оразаның медициналық сырлары, Тамақтану режиміндегі бір айлық өзгеріс, жүйке жүйеге қалай әсер етеді, ораза неліктен жыл сайын әр түрлі мезгілдерге ауысып отырады деген сұрақтарға жауаптар берілді. Және де Рамазан айының 27 күні түсетін Қадыр түні жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Share this Post