ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Мобильді топ» пен Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары бірлесе отыра, Орталық Азия Инновациялық университетінің жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулу, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастарды кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерден хабардар ету арқылы дұрыс мамандық таңдауларына бағыт-бағдар көрсету.

Ақпараттық түсіндірме жұмыстары барысында, мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы» мен «Алғашқы бос жұмыс орны» туралы толыққанды мағлұматтар беріліп, сауалнамаларға жауап берілді.

Share this Post