Оқытушыларға арналған семинар-тренинг

ОАИУ – нің Мониторинг,сапа менджмент жүйесі және аккредиттеу бөлімі 2023 жылдың 9 – 20 қаңтар аралығында университет профессор – оқытушылары арасында оқу-әдістемелік семинар тренг декадасын ұйымдастырды. Оқу-әдістемелік семинардың алғашқы күнін,яғни 09 қаңтарында Дүйсенов Нұрзақ Жезтаевич өткізді. ОАИУ-нің Оқу ісі жөніндегі проректоры Дүйсенов Нурзақ Жезтаевич жиналған оқытушыларды пәннің оқу – әдістемелік кешенін (ПОӘК) жасаудағы нормативтік құжаттармен таныстырды, Тренинг барысында проректор ПОӘК дайындауда оқу бағдарламасы кафедрасының мәжілісінде талқыланатынын және оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілетінін айта келе, оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус), БББ пәні бойынша лекция конспектісін дайындау, практикалық /семианр сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау, зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау, пәні бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ) мен оқытушымен бірге орындалатын білім алушылардың өзіндік жұмысын (ОББӨЖ) ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау, тест түрлері мен емтихан билеттерді дайындау туралы пікірін ұсынды. Оқыту түрінде жаңа білім беру технологияларын, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізуде инновациялық әдістер мен тәсілдерді (сабақ түрі бойынша) көрсету қажет екендігіне ерекше атап өтті.

Share this Post