СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

«Орталық Азия Инновациялық университеті» және «Өрлеу» БАҰО АҚ бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 18-қаңтарында университет базасында Педагогтердың кәсіби құзыреттілігін дамыту «Бастауыш мектеп оқушыларының Soft Skills (икемді дағдыларын) қалыптастырудағы 4К моделінің рөлі» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.
Семинар-тренингке «Орталық Азия Инновациялық университеті» ғалымдары , университет проректоры Н.Ж.Дүйсенов, «Мониторинг, СМК және аккредитациялау бөлім басшысының орынбасары», доцент Г.Б.Қылышбаева «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Жорабекова Гульнур Абдукадыровна қатысты. Семинарда бүгінгі күннің өзекті мәселелері талқыланды.
Семинардың мақсаты: Бастауыш мектепте 4К моделін іске асыру контексінде soft skills дамытуға бағытталған жағдайларды жасау бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Семинардың күтілетін нәтижесі:
• мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – табысты педагогикалық қызмет үшін қажетті кәсіби және жеке қасиеттердің жиынтығы.
• кәсіби құзыреттілікті дамыту – бұл шығармашылық даралықты дамыту, педагогикалық инновацияларға бейімділікті, өзгеретін педагогикалық ортаға бейімделу қабілетін қалыптастыру
• soft skills-ті дамытуға бағытталған сабақтарды жобалауда педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру.
• оқушылардың қабілеттері мен мінездеріне сәйкес келетін тапсырмаларды қойып, оларға қол жеткізу жолдарын үйрету;
• оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамытып, оларды шабыттандырып, жетелеу.
Бірінші бөлімінде алғы сөзді «Орталық Азия Инновациялық университеті» ЖШС-нің «Мониторинг, СМК және аккредитациялау бөлім басшысының орынбасары, доцент Г.Б.Қылышбаева бастады. Баяндамада: «Білім беру – инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы 9.01-20.01.2023 аралығындағы өткізілетін онкүндік жоспарына байланысты жүргізіліп жатқан іс-шарасымен таныстырылды.
Семинар-тренингтің мақсаты мен міндеттерін «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Жорабекова Гульнур Абдукадыровна түсіндірді. Тренингте Бастауыш мектепте 4К моделін іске асыру контексінде soft skills дамытуға бағытталған жағдайларды жасау бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту да оқушылардың қабілеттері мен мінездеріне сәйкес келетін тапсырмаларды қойып, оларға қол жеткізу жолдарын үйретуді тиімді әдіс тәсілдерді қолдануға нақты тоқталып өтті. Семинар-тренинг барысында ширату жаттығулары, ой қозғаулар, топтық тапсырмаларды орындау, топтық талқылаулар, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тапсырмалары, сабақта қолданылатын пәндік әдіс-тәсілдерді жүргізіп, тиімділігі талқыланды. Студенттермен жұмыс жасау барысында қолданылатын іс-әрекеттік жүйе талқыланды. Қорытынды бөлімінде қатысушылардың «Әр іс әрекет сыни ойлау» талдауы жүргізілді. Мұнда «Бастауыш мектепте 4К моделін іске асыру жұмсақ дағдыларды дамыту қаншалықты маңызды? Ол үшін қандай тәсіл қолдануға болады?» деген сұрақтарға талқылаулар жүргізілді. Семинарға қатысушылар тарапынан қызу талқылау ұйымдастырылып, әріптестер өз пікірлерін жарыссөзде білдірді.

Share this Post