Біздің студент “Жауқазын” Республикалық өнер байқауында “Эстрадалық вокал” жанры бойынша Бас жүлде🏆иегері атанды

Бүгін университет ректоры А.С.Ажидинов мырза, “Жауқазын” Республикалық өнер байқауы “Эстрадалық вокал”жанры бойынша Бас жүлде🏆иегері Мырзахан Мирасты қабылдады. Ректор өз кезегінде Мирасты жеңісімен құттықтап, алда Туркия мемлекетінің Ыстамбул қаласында өтетін Халықаралық өнер фестивалінде сәттілік тіледі. Айта кетейік, аталмыш фестивальге университетіміздің екі бірдей студенті екі жанр бойынша бақ сынайды. Білім алушыларымызға жеңіс тілейміз!

Share this Post