
Бөлім басшысы
Қылышбаева Гүлнар Бакирамовна
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент
✉ Kuntun-gulnar@mail.ruНегізгі міндеттер
01
Университеттің білім беру қызметіне мониторинг жүргізу әдістемелері мен рәсімдерін жетілдіру.
02
Университеттің құрылымдық бөлімшелеріндегі оқу қызметінің сапасына ішкі аудит жүргізу.
03
Білім беру бағдарламалары аясында университеттің оқу қызметі көрсеткіштерін жинау және талдау.
04
Оқу бөлімшелеріне консультациялық және ақпараттық көмек көрсету.
05
Университеттің оқу қызметінің тиімділігі, өзгеру динамикасы және даму үрдістері туралы ақпарат жинақтау.
06
Университет басшылығын хабардар ету, ақпараттық-талдамалық материалдар мен университет жетістіктерін тарату.
Бөлімнің функциялары
- Мониторинг, бағалау, талдау және жетілдіру үдерістерін жоспарлау және әзірлеу.
- Оқу үдерісі сапасының ресурстық және ақпараттық қамтамасыз етілуін талдау.
- Студенттердің үлгерімін бақылау нәтижелері мен білім беру сапасын талдау.
- Университеттің білім беру бөлімшелерінің жұмысын бақылау және аудит жүргізу.
- Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жұмыстарын үйлестіру және оларға қатысу.
- Қазақстан Республикасының институционалдық және білім беру бағдарламалары рейтингтеріне қатысуды үйлестіру.
- Университеттегі білім беру сапасын талдауға және бағалауға қатысу.
- Білім беру сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
- Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу.