Қоғамдық тұрақтылық – ортақ жауапкершілік
Орталық Азия Инновациялық Университетінде жастар арасында экстремизмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытында ақпараттық-түсіндіру кездесулері ұйымдастырылуда.
Кездесулер барысында білім алушыларға қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы, діни сауаттылықты арттыру, экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, экстремизм мен радикалды көзқарастарға қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ бейбітшілік, өзара құрмет пен қоғамдық келісім құндылықтарын нығайту.
Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, қоғамдағы түрлі пікірлерге құрметпен қарауға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Қоғамдық тұрақтылық – баршаға ортақ жауапкершілік. Тұрақты қоғам саналы, білімді және жауапты ұрпақтан басталады!
