25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізі жағалауында өткізілген оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға орын алды.

Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілер теңізге түсіп кеткен. Қайғылы жағдай қызметтік міндетін атқарып жүрген әскери қызметшілердің өмірін қиды.

Қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Орталық Азия Инновациялық университетінің ұжымы қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Орны толмас қазаның ауыртпалығын бөлісіп, барша елмен бірге қайғырамыз.

Қаза болғандардың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады.

Share this Post