«ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨНДІРІСТІК ОҚУ ӨТТІ

2026 жылғы 16 қыркүйекте Орталық Азия Инновациялық университетінде «Іс жүргізу және архив ісі» тақырыбында өндірістік оқу ұйымдастырылды.

Іс-шараны Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры А. Амангельдиева жүргізді. Жиынға мекеменің сараптау комиссиясының мүшелері және әр құрылымдық бөлімнің құжат айналымына жауапты мамандары қатысты.

Өндірістік оқу барысында іс жүргізуді ұйымдастыру, құжаттарды дұрыс рәсімдеу, жүйелеу, сақтау және архивке өткізу тәртібіне қатысты маңызды мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар құжат айналымын тиімді жүргізу және архив ісін талаптарға сәйкес ұйымдастыру бойынша тәжірибелік түсіндірмелер берілді.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды. Кездесу барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, іс жүргізу мен архив жұмысында назар аударуды қажет ететін негізгі бағыттар түсіндірілді.

Өндірістік оқу мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, құжаттармен жұмыс жүргізу тәртібін жетілдіруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Share this Post