БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

2026 жылғы 22 қыркүйекте Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен қала әкімінің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Аталған жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасау.

Іс-шара барысында қатысушылар түрлі мекемелер мен ұйымдар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып, жұмыс берушілерден қажетті кеңестер алды. Сонымен қатар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен жастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпарат берілді.

Орталық Азия Инновациялық университетінің бітіруші курс білім алушылары да жәрмеңкеге қатысып, өз мамандықтары бойынша ұсынылған жұмыс орындарымен танысып, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алды.

Мұндай іс-шаралар жастардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға, еңбек нарығына бейімделуіне және болашақ мансабын жоспарлауына зор мүмкіндік береді.

Share this Post