«ҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

2026 жылғы 15 қыркүйекте Орталық Азия Инновациялық университетінде студенттерге арналған «Ұйымдар жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – білім алушыларды университет қабырғасында жұмыс істейтін студенттік ұйымдармен таныстыру, олардың қызмет бағыттары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беру және жастарды университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуға шақыру.

Іс-шара барысында студенттер түрлі ұйымдардың қызметімен жақынырақ танысып, олардың негізгі бағыттары, жүзеге асыратын жобалары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат алды. Әр ұйым өз қызметін таныстырып қана қоймай, түрлі шығармашылық нөмірлер ұсынып, жәрмеңкеге ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Ұйымдар жәрмеңкесі» студенттердің өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай бағытты таңдауына, жаңа орта қалыптастыруына және шығармашылық әрі қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Осындай іс-шаралар білім алушылардың университет өміріне бейімделуіне, жаңа достар табуына, өз қабілеттерін дамытуына және студенттік өмірдің белсенді мүшесі болуына ықпал етеді.

Share this Post