ОАИУ-ДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 15 қыркүйекте Орталық Азия Инновациялық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр кезеңдегі ойлары мен тұжырымдарын біріктірген «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының мазмұны мен негізгі идеяларына арналған талқылау өтті.

Кездесуге университет ректоры Оңдасынов Ерлан Зүлмәтұлы, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, PhD, философия докторы, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Өзенбаева Айгерім Тойлыбаевна, жас ғалым, абайтанушы, докторант Әзімхан Үсенұлы Исабек қатысты.

Талқылау барысында әділеттілік пен заң үстемдігі, білім мен ғылымның маңызы, ұлттық құндылықтар, адал еңбек, азаматтық жауапкершілік және жастардың қоғамдағы рөлі жөнінде пікірлер айтылды.

Кітапта көтерілген мәселелер Қазақстанның қазіргі даму үдерістерімен сабақтастырыла талқыланды. Сондай-ақ еңбектегі идеялардың жастарды білім алуға, сыни ойлауға, адал еңбек етуге және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейтіні атап өтілді.

Кездесу қатысушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік беріп, қоғамдағы әділеттілік, жауапкершілік және жас ұрпақтың ел дамуындағы орны жөніндегі ойларды ортаға салуға бағытталды.

Әділетті қоғам – шыншыл сөзден, саналы ойдан және жауапты әрекеттен басталады.

Share this Post