Бейімделу апталығының жиналыстары өткізілді!

Орталық Азия Инновациялық университетінде білім алушылардың университет өміріне бейімделуіне бағытталған «Бейімделу апталығы» аясында жиналыстар өткізілді.

Жиындар университеттің барлық 1-курс білім алушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушылар оқу орнымыздың басшылық құрамымен танысып, университеттің құрылымы мен қызмет бағыттары туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар білім алушыларға оқу үдерісінің ерекшеліктері, университеттің ішкі тәртіп ережелері, студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ университеттік ортадағы мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Аталған кездесулер бірінші курс білім алушыларының жаңа ортаға бейімделуіне, университет өмірімен жақынырақ танысуына және оқу үдерісіне белсенді араласуына бағытталды.

Share this Post