1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
Орталық Азия инновациялық университетінің барша оқытушылары мен студенттерін 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылы баршаңызға толағай табыс, биік жетістіктер, шығармашылық шабыт пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін. Білім мен ғылым жолындағы әрбір қадамыңыз сәтті болып, алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін!
Жаңа оқу жылы жарқын бастамаларға, тың идеяларға және үлкен жетістіктерге толы болсын!
Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!

