Біздің ЖОО Стамбулдағы халықаралық білім көрмесіне қатысты

2026 жылғы 24–26 шілде аралығында Түркия Республикасының Стамбул қаласында Study in Kazakhstan жобасы аясында EKET FAIRS University Preference Fair 2026 халықаралық білім көрмесі өтті.

Жыл сайын ұйымдастырылатын көрмеге 50 мыңнан астам талапкер мен олардың ата-аналары қатысады. Биылғы іс-шарада Түркияның 110-нан астам жоғары оқу орны, сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламалары мен халықаралық мүмкіндіктерін таныстырды.

Қазақстан атынан көрмеге қатысқан 8 жоғары оқу орнының қатарында Орталық Азия Инновациялық университеті де болды. Университет өкілдері келушілерге оқу бағдарламалары, қабылдау талаптары, академиялық мүмкіндіктері мен халықаралық ынтымақтастық бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Көрме аясында қазақстандық делегация Istanbul Technical University және Biruni University басшылығымен бірқатар нәтижелі кездесулер өткізді. Кездесулер барысында академиялық ұтқырлықты дамыту, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейту және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, университет өкілдері Түркия жастарына Орталық Азия Инновациялық университетінің білім беру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынып, талапкерлерді университетте білім алуға шақырды.

Халықаралық білім көрмесіне қатысу Орталық Азия Инновациялық университетінің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге, шетелдік талапкерлер арасында университеттің танымалдылығын арттыруға және Қазақстанның жоғары білім беру әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етті.

Share this Post