«Студенттік қалқан» жобасындағы жеңіс

2026 жылғы 12 маусым күні Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттері Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған «Студенттік қалқан» жобасы аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында бейнеролик әзірлеп, байқауға қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша университетіміздің шығармашыл жастары ерекше идеясы мен мазмұнды жұмысының арқасында «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алып, жоғары марапатқа ие болды.

Аталған жетістіктен кейін жеңімпаз студенттер университет ректорының қабылдауында болып, өз әсерлерімен бөлісті. Ректор студенттердің еңбегіне жоғары баға беріп, олардың қоғамдық маңызы зор мәселелерге белсенді үн қосып жүргенін ерекше атап өтті.

Бұл жетістік – студенттеріміздің азаматтық жауапкершілігінің, шығармашылық ізденісінің және қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтындығының айқын көрінісі. Университет жастары тек білім алумен шектелмей, ел болашағына қатысты маңызды бастамаларға белсенді қатысып, өздерінің жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Орталық Азия Инновациялық университеті жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейді!

Share this Post