СҚО Полиция департаментінің өкілі түлектермен кездесті
2026 жылғы 9 маусым күні Орталық Азия Инновациялық Университетінде бітіруші түлектермен кездесу өтті. Кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Омаров Нұркен Келесбайұлы қатысты.
Кездесу барысында қонақ Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметі туралы жан-жақты ақпарат беріп, ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, әлеуметтік қолдау шаралары мен қызметтік мансаптың мүмкіндіктері жөнінде баяндады.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдарында қызмет етудің маңыздылығы, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі полиция қызметкерлерінің рөлі және жас мамандар үшін ашылатын кәсіби мүмкіндіктер туралы айтылды. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.
Кездесудің басты мақсаты – университет түлектерін мемлекеттік қызметке тарту, олардың кәсіби бағдарын айқындауға қолдау көрсету және ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру болды.
Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер үшін пайдалы әрі мазмұнды кездесу ретінде есте қалды.
