Біздің студенттері Жызах политехникалық институтында болды

2026 жылдың 8–10 маусым күндері Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттері «Жазғы демалыс» іс-шарасы аясында Өзбекстан Республикасының Жызах қаласында орналасқан Жызах политехникалық институтында болып қайтты.

Сапар барысында студенттер спорттық және интеллектуалдық жарыстарға қатысып, инновациялық және ғылыми семинар-тренингтерде өз білімдері мен тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, олар институттың оқу үдерісімен, заманауи білім беру технологияларымен және студенттік өмірімен жақынырақ танысты.

Жызах политехникалық институтының басшылығы қонақтарға оқу орнының кітапханасын, коворкинг орталығын, IT-орталығын таныстырып, институттың материалдық-техникалық базасы мен білім беру мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ студенттер үшін Өзбекстанның тарихи және мәдени орындарына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Аталған сапар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, халықаралық тәжірибе алмасуына, жаңа достық байланыстар орнатуына және кәсіби дамуына оң ықпал етті. Сонымен қатар, бұл іс-шара екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестікті нығайтып қана қоймай, Қазақстан мен Өзбекстан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі дамуына үлес қосады деп сенеміз.

Share this Post