OAIU TRIP II: Белсенді көшбасшылардың мәдени-танымдық сапары

Орталық Азия Инновациялық университетінің белсенді көшбасшылары «OAIU TRIP II» мәдени-танымдық экскурсиясы аясында еліміздің маңызды білім беру және мәдени орталықтарына сапар жасап қайтты.

Сапар Қарағанды қаласынан басталып, қатысушылар алдымен Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық музейіне барып, өңірдің тарихы мен мәдени мұрасына қатысты құнды мәліметтер алды.

Экскурсия барысында студенттер Астана қаласындағы жетекші жоғары оқу орындары — Maqsut Narikbayev University, Nazarbayev University және Astana IT University оқу орындарында болып, білім беру жүйесімен, студенттік өмірмен және заманауи инфрақұрылыммен танысты.

Сондай-ақ, қатысушылар ALZhIR Museum-Memorial Complex музей-мемориалдық кешеніне барып, тарихи тағылымы мол мәліметтермен сусындады. Бұл сапар жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, білім көкжиегін кеңейтуге және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.

«OAIU TRIP II» мәдени-танымдық экскурсиясы қатысушылар үшін ерекше әсерлер мен жарқын естеліктерге толы болды. Студенттер жаңа достар тауып, тәжірибе алмасып, еліміздің білім беру және мәдени нысандарымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Осындай тағылымды сапарлар жастардың жан-жақты дамуына, олардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуына зор үлес қосады.

Share this Post