ЦАИУ студенті Бексұлтан Хужамжар Венгриядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
2026 жылғы 25–31 мамыр аралығында Венгрияда жастар арасында 24 елдің қатысуымен халықаралық турнир өтті. Аталған жарыс Азия чемпионаты алдындағы ұлттық құрамаға іріктеу кезеңдерінің бірі болды.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Шымкент қаласынан екі спортшы бақ сынады. Нәтижесінде Орталық Азия Инновациялық Университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті (ФКиСК 25-1 тобы) Хужамжар Бексұлтан 55 келі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, 🥇 алтын медаль иеленді.
Спортшының жаттықтырушысы – Тынышбек Өтембаев.
Бексұлтанды және оның жаттықтырушысын жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғай беруіне тілектеспіз! 🥊🏆🇰🇿
