Халықаралық форумда туризм саласындағы өзекті мәселелер қарастырылды

ОАИУ оқытушысы, ҚазСТА PhD докторанты Кабланбек Д.М. «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-
педагогикалық бағыттары»
атты IV Халықаралық Форумға қатысты.
«Орта Азияның геоэкономикалық өзгерістері мен аймақтық интеграция контекстінде
туризм кадрларын дайындау» бағыты бойынша секциялық отырыста «Санаторий-курорттық туризмге кадрлар даярлау: қазіргі
жағдайы, мәселелері және даму перспективалары (Сарыағаш кешені мысалында)» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада ұсынылған идея тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, белсенді талқылауға ұласты және жоғары бағаланды.

Share this Post