«Арман. Миссия. Жоспар»
Орталық Азия Инновациялық Университеті 2026 жылдың 08 сәуірінде студенттерге арналған танымдық-дамытушылық іс-шара өткізді. Іс-шара «Арман. Миссия. Жоспар» тақырыбындағы лекция форматында ұйымдастырылды.
Бұл лекцияның негізгі мақсаты – жастарға өмірлік бағытты дұрыс анықтауға көмектесу, миссия, мақсат және жоспар ұғымдарының мәнін терең түсіндіру және олардың бір-бірінен айырмашылығын ашып көрсету болды. Қатысушылар өз армандарын нақты мақсаттарға айналдыру, сол мақсаттарға жету үшін тиімді жоспар құру жолдарын меңгерді.
Іс-шара барысында студенттер теориялық біліммен қатар практикалық мысалдар арқылы өз өмірлік миссиясын айқындауға, қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар қоюға үйренді. Бұл білім олардың оқу процесінде ғана емес, болашақ кәсіби және жеке дамуында да маңызды рөл атқарады.
Лекция спикері – Ибраимов Саят Нұрқасымұлы. Ол педагогикалық шеберлік саласында көпжылдық тәжірибесі бар педагог-тренер, білім беру саласында түрлі әлеуметтік және кәсіби жобалардың негізін қалаушы.
