ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: БІЛІМ БЕРУ МЕН ӨНДІРІС ИНТЕГРАЦИЯСЫ – САПАЛЫ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ КЕПІЛІ
2026 жылғы 1 сәуір күні Орталық Азия Инновациялық университетінің «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасында қалалық білім беру мекемелері мен өндірістік-архитектуралық бюролардың жетекші мамандарының қатысуымен маңызды дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға жұмыс берушілер, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер белсенді түрде қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, академиялық мазмұн мен кәсіби практиканың өзара сабақтастығын күшейту болды.
Іс-шара барысында 2026–2027 оқу жылына арналған келесі білім беру бағдарламалары кеңінен талқыланды:
- 6В01410 – «Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP)»
- 6В01411 – «Музыкалық білім (IP)»
- 6В02103 – «Дизайн»
Қатысушылар білім беру бағдарламаларының мазмұнына, оқу нәтижелеріне, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру тетіктеріне және дуальды оқыту элементтерін енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Жұмыс берушілер тарапынан нақты ұсыныстар беріліп, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған құнды пікірлер ортаға салынды. Жұмыс берушілер тарапынан білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру мақсатында жекелеген пәндерге өзгерістер енгізу және жаңа элективті курстарды қосу бойынша нақты ұсыныстар жасалды.
Сонымен қатар, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу, шығармашылық индустриялармен байланыс орнату, студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіру мәселелері де кеңінен қозғалды. Бұл өз кезегінде университет пен өндіріс арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруға, тәжірибе алмасуды күшейтуге және болашақ мамандарды даярлауда тығыз ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.
Аталған дөңгелек үстел – білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, еңбек нарығына сұранысқа ие, креативті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам болды.

