Жәмила (Қамар-сұлу) Сейлханова Президент атынан Алғыс хатпен марапатталды
Жәмила (Қамар-Сұлу) Сейлханова Президент атынан Алғыс хатпен марапатталды Орталық Азия инновациялық университетінің «Педагогика және тілдер» кафедрасы, География–тарих білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымының төрағасы Жәмила (Қамар-Сұлу) Сейлханова Серікқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алғыс хатпен марапатталды. Аталған марапат жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық референдум аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсеткені үшін табысталды. Бұл жетістік – білім алушының қоғамдық белсенділігі мен азаматтық ұстанымының айқын көрінісі. Университет ұжымы Жәмила (Қамар-Сұлу) Серікқызын лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы оқу және қоғамдық қызметінде жаңа табыстар тілейді.
