29 сәуір 2026 жылы «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтеді.
📄 Олимпиаданы өткізу туралы жалпы ереже (PDF)АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Орталық Азия Инновациялық Университеті 2026 жылдың 29 сәуір айында
Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары Білім министрлігі бекіткен іс-шаралар шеңберінде 6В01403-Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты: жоғары оқу орындарының студенттері арасында кәсіби білім деңгейін арттыру, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды және талантты студенттерді анықтау, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, дарынды студенттерді халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.
Жіберуші ұйым олимпиадаға қатысу үшін 1-ден көп емес команда ұсына алады. Бір командадағы қатысушылар саны 4(төрт) адамнан аспауы керек. Командамен бірге жіберуші тараптың топтық ғылыми жетекшісі болуы керек.
Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең – теориялық, тестілеу. 30 тест сұраққа 30 минут беріледі;
2-кезең – практикалық тапсырмаларды орындау (3 сағат) беріледі;
3-кезең – ғылыми жоба жұмыстарын қорғау (3сағат) беріледі.
Қазылар алқасы барлық номинациялар бойынша жеңіпаздарды іріктеу критерийлеріне сәйкес дауыс беру арқылы бағалайды.
2026 жылдың 29 сәуір айы сағат 17.30 Республикалық студенттердің пәндік олимпиаданың жабылуы, жеңіпаздарды марапаттау.
Олимпиаданың өткізу тілдері – қазақша, орысша.
Олимпиадаға қатысу ЖОО–ның бірінші басшының (проректор) қолы қойылған сканерленген ілеспе хаты және қатысушының өтінімдері –№1 қосымша үлгі бойынша толтырылып, 13-ші сәуір 2026ж. дейін мына электронды поштаға жіберілуі керек: e-mail: nabat16@mail.ru
Координаторлар: Жунисова Набат Алибаевна Ұялы тел.: +7 701 397 54 39 e-mail: nabat16@mail.ru
Кәдірбердиева Айкерім Шонбайқызы Ұялы тел.: +7 707 648 44 91 e-mail: aykerm92@bk.ru
Өтетін орны: 160000 ҚР Шымкент қаласы, Быковская 54, 2 ғимарат, 3 қабат. (Спорт кешені, конференция залы)
Өтетін күні: 29 сәуір 2026ж.
Олимпиада туралы толық ақпарат олимпиаданы өткізу туралы ережеде бекітілген.
Ақпараттық хат пен олимпиаданың ережесі Орталық Азия Инновациялық Университетінің сайтында орналастырылған: https://caiu.edu.kz/kk/
Қосымша
6В01403-Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін XVIII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға
ӨТІНІМ
1.Университеттің атауы
1.1 Ғылыми жетекші туралы мәліметтер
1.2 Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі (бар болса), ғылыми атағы (бар болса), лауазымы*
1.3 Байланыс деректері:e-mail, телефон(жұмыс, ұялы телефон)**
- Команда құрамы (4 адам);
2.1 Капитанның және команда мүшелерінің аты-жөні (жеке куәлік көшірмесі қоса ұсыну);
2.2 Курс, Білім беру бағдарламасы, факультет, кафедра (әрбір қатысушы туралы ақпаратты көрсету);
2.3 Әрбір қатысушының байланыс деректері: e-mail, телефон**
- Топ атауы (5 сөзден аспайды);
3.1 Топ ұраны:
- ЖОО басшысының (проректордың) қолы қойылған сканерленген ілеспе хат (міндетті!)
*Ғылым жетекші мен топ мүшелерінің аты-жөнінің жазылуын мұқият тексеріңіз! Егер қатысушы команда нағыз олимпиаданың жеңіпазы болса, онда бұл ақпарат дипломдар мен алғыс хаттарда көрсетіледі!
**Тек жұмыс телефондары мен ағымдағы электрондық пошта мекенжайын көрсетіңз, себебі олар ғылыми жетекшімен және топ мүшелерімен байланысу үшін пайдаланылады!
Қосымша 1
Орталық Азия Инновациялық Университетінің ректоры Ажидинов А.С.
6В01403– «Кәсіптік оқыту»
___________( университет атауы)_______________ Жоғары оқу орындары студенттері арасында 6B01403 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша өткізілетін XVIII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу үшін студенттердің тізімі мен ілеспе құжаттарды жолдайды.
|
№ |
Т.А.Ә. қатысушының толық аты-жөні |
Білім беру бағдарламасының шифрі |
Білім беру бағдарламасының атауы |
Курс |
Оқитын тілі (каз. орыс.) |
байланыс телефон (WhatsApp) |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
№ |
«ЖОО командасының жетекшісінің аты-жөні» |
Білім беру бағдарламасының шифрі |
«Мамандық атауы» |
Қызметі |
Ғылыми дәрежесі |
байланыс телефон (WhatsApp) |
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
Ректор
Қосымша 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
___________________(университет атауы)____________________
КӨШІРМЕ
Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан
№ __ «__». . 20__г.
Тыңдалды: ___________________________________________________
___________________________________________________________:
6B01403 — «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша команда:
- ______(Студенттің аты-жөні)__________
- ______(Студенттің аты-жөні)__________
- ______(Студенттің аты-жөні)__________
- ______(Студенттің аты-жөні)__________
Ғылыми жетекші: ______( оқытушының лауазымы мен аты-жөні)___
Шешім қабылданды:
6B01403 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға келесі студенттер ұсынылсын:
- ______(Студенттің аты-жөні)__________
- ______(Студенттің аты-жөні)__________
- ______(Студенттің аты-жөні)__________
- ______(Студенттің аты-жөні)__________
Ректор
Ғалым хатшы:
6B01403 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға жіберілген қатысушылар мен команда жетекшісі туралы мәліметтер:
Қатысушылар:
- Тегі
- Аты
- Әкесінің аты
- Курс, білім беру бағдарламасы
- Тегі
- Аты
- Әкесінің аты
- Курс, білім беру бағдарламасы
- Тегі
- Аты
- Әкесінің аты
- Курс, білім беру бағдарламасы
- Тегі
- Аты
- Әкесінің аты
- Курс, білім беру бағдарламасы
Ғылыми жетекшісі:
- Тегі
- Аты
- Әкесінің аты
- Қызметі
- Байланыс деректері (сот. телефон номері, e-mail)
ЖОБА АВТОРЛАРЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІЛЕР ҮШІН ЕСКЕРТУ
Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
- Жобаның мәтіні компьютерде дайындалуы тиіс (Times New Roman 14 қаріп, жоларалық интервал 1,0) және мыналарды қамтуы қажет: титул беті; мазмұны; қысқаша мазмұндама (аннотация) қазақ және ағылшын немесе орыс тілдерінде; кіріспе; зерттеу бөлігі; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі; ғылыми жетекшінің пікірі.
- Титул бетінде (шеңбер қажет емес) көрсетіледі:
- жұмысты орындаған білім беру ұйымының толық атауы, қала;
- автордың (қос автордың) тегі, аты, тобы;
- жұмыстың атауы;
- ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
- қала (байқау өтетін орын), жыл.
- Мазмұн жұмыстың құрылымына сәйкес бөлімдер мен тармақтардың атауларын және олардың реттік нөмірлерін қамтиды. Мазмұн парақ нөмірлерімен көрсетілуі қажет.
- Кіріспеде – 2 беттің көлемінен аспайтын – келесі мәліметтер беріледі:
- зерттелетін тақырыптың өзектілігі;
- жұмыстың мақсаты мен міндеттері;
- қойылған міндеттерді шешу әдістері.
- Жұмыстың зерттеу бөлігі – 20 беттің көлемінен аспауы тиіс, жеке бөлімдерден тұрады және мыналарды қамтиды:
- таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерді талдауы, жұмыстың қажеттілігін көрсету және мақсат, міндеттерді нақтылау;
- қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
- жұмыстың нәтижелері және олардың талқылануы;
- иллюстрациялық материалдар – сызбалар, графиктер, фотосуреттер, суреттер (қажет болса, қосымшада беруге болады).
- Қолданылған әдебиеттерге сілтемелер шаршы жақшаларда беріледі.
- Қорытынды – 1–2 беттен аспауы керек, келесі ақпаратты қамтиды:
- жұмыстың негізгі нәтижелері (қысқаша);
- осы нәтижелерге негізделген қорытындылар (1-ден 5-ке дейін, реттік нөмірленеді);
- жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта қолдануға арналған ұсыныстар.
- Қолданылған әдебиеттер тізімі жұмыстың соңында беріліп, библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделеді.
Үлгі:
CПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННОЙ ЛИТЕРАТУРЫ
1.Ортаев, Б.Т. Технология пәнін оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері: Оқу құралы / Б.Т. Ортаев.- 2-басылым өңделіп, толықтырылған.- Шымкент, 2016.- 264 б.
- Баубеков, С.Д. Методика преподавания дисциплины Технология: Учебное пособие / С.Д. Баубеков, А.Ж. Талипов, К.С. Таукебаева.- Алматы: TtchSmith, 2023.- 212с.
- Жунисова, Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі: Оқу құралы / Н. Жунисова.- Шымкент, 2019.- 120 б.