Студенттер Арыс қаласындағы №2 балалар үйіне барды
2026 жылғы 12 наурызда Орталық Азия Инновациялық Университеті жанындағы «Риторика» интеллектуалды пікірсайыс клубының жастары Арыс қаласындағы №2 балалар үйіне арнайы барып қайтты.
Кездесу барысында студенттер балалармен жақын танысып, бірге уақыт өткізіп, түрлі ойындар ұйымдастырды. Шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, жылы атмосфера қалыптасты.
Бұл кездесу мейірім мен қамқорлыққа толы ерекше сәттерге айналып, балаларға қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, мұндай игі іс-шаралар жастардың бойындағы адамгершілік, қайырымдылық және жанашырлық сияқты құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.
