«Амал» мерекесіне арналған іс-шара өтті

2026 жылғы 13 наурызда Орталық Азия Инновациялық университетінде «Амал» мерекесіне орай ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеген бұл мерекеде университетіміз 1000-нан астам қонақты құрметпен қарсы алып, жылы шыраймен күтіп алды. Университетке келген делегация университеттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Нұрлан Шахизинмен кездесіп, арнайы қабылдауда болды. Кездесу барысында қонақтарға университеттің білім беру мүмкіндіктері, инфрақұрылымы және студенттерге жасалған жағдайлар туралы кеңінен ақпарат берілді. Амал – амандықтың, бірліктің және жаңа бастамалардың мерекесі. Осындай игі күні бас қосқан барша қонақтарға алғысымызды білдіреміз.
Share this Post