“Джеки Шаңырақ” командасы Жоғары лигаға жолдама алды
Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттерінен құралған “Джеки Шаңырақ” жайдарман командасы Шымкент қаласында өткен «Маусымашар–2026» фестивалінің қорытындысы бойынша Жоғары лигаға жолдама алды.
Бұл – команданың қажырлы еңбегінің, сахнадағы ерекше энергиясының және көрермендердің ыстық қолдауының нәтижесі. Фестиваль барысында команда өз өнерімен ерекшеленіп, көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
Алда команданы бұдан да тартысты ойындар, жаңа әзілдер және үлкен сахналар күтіп тұр.
Орталық Азия Инновациялық университеті “Джеки Шаңырақ” командасына алдағы Жоғары лига ойындарында сәттілік тілейді.
