«Бауырсақ challenge» қайырымдылық шарасы өтті.

2026 жылғы 16 наурыз күні Тілдер кафедрасының (шетел тілдері бағыты) ұйымдастыруымен «Бауырсақ challenge» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.

15 наурыз – Қайырымдылық күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн адамдарды жақсылық жасауға, бір-біріне қолдау көрсетуге және қоғамға пайдалы істерге белсенді атсалысуға үндейді. Осы игі дәстүр аясында аталған шара ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу және студенттерді қайырымдылыққа баулу. Челлендж барысында қатысушылар жоғары белсенділік көрсетті.

Қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде шараға атсалысып, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, іс-шара барысында жиналған қаражат қайырымдылық мақсатқа бағытталды.

Мұндай игі бастамалар жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін нығайтады.

Share this Post