Халықаралық әйелдер күніне орай университетімізде ерекше, жүрекке жылы кеш өтті

Бұл кеш – білім мен тәрбиенің шамшырағы болып жүрген ардақты апайларымызға деген шынайы құрметтің белгісі болды. Университетіміздің белсенді жігіттерінің ұйымдастыруымен апайларымызға арналып ауызашар дастарханы жайылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын қызықты бағдарламалар ұсынылды.

Кеш барысында ұстаздарымызға алғыс айтылып, сыйлықтар табысталып, түрлі ойындар мен марапаттау сәттері ұйымдастырылды. Бұл сәттер кештің шырайын келтіріп, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Адамға білім ғана емес, өмірлік бағыт беретін де – ұстаз. Сондықтан бүгінгі кеш арқылы біз апайларымызға деген құрметіміз бен ризашылығымызды білдірдік.

Құрметті апайлар, сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасы амандығы мен шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз.

Share this Post