🎓 «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ»
Қазақ поэзиясының майталманы,Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған командалық сайыс Орталық Азия инновациялық университеті,Педагогика кафедрасына қарасты «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс білім алушылары арасында өтті.
Іс-шара аға оқытушы, магистр Тұрсынбаева Айнұр Зәкірқызының ұйымдастыруымен өткізіліп, Педагогика кафедрасының меңгерушісі Жұмағұлова Гүлнәр Шыңғысқызының қолдауымен жүзеге асты. Сонымен қатар кафедра оқытушылары да белсенді ат салысып, сайыстың мазмұнды өтуіне үлес қосты.
Сайысқа жалпы саны 8 топ қатысып, білім мен шығармашылық шеберліктерін ортаға салды. Сайыстың І турында командалар тақырыпқа сай дайындалған көрнекіліктерін таныстырып, өз идеяларын креативті түрде қорғады.Сайыстың II турында әр топ ұлттық құндылықтар мен жасанды интеллект тақырыбын үйлестіре отырып, тың көзқарастарын ұсынды.
Тартысты әрі мазмұнды өткен кеш студенттердің ізденімпаздығы мен кәсіби дайындығын айқындап, ұлттық рух пен заманауи білімнің сабақтастығын көрсетті ✨
