Бүгінгі сабағымыз ерекше форматта өтті ✨

«Бизнес және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ тілі БББ 1-курс студенттерімен «Экономика негіздері және кәсіпкерлік дағдылар» пәні бойынша «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында «BAY OMIR» атты іскерлік ойын өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – «Бизнес және туризм» кафедрасының магистрі, оқытушы Полат Диана Дулатқызы және қаржыгер-психолог Бейбіт Байузахұлы.

Бұл жай ғана ойын емес – бұл өмірлік шешімдер қабылдау, тәуекелге бару, табыс табу, қаржыны басқару және кәсіпкерлік ойлауды дамыту алаңы болды.

Студенттер өздерін нағыз кәсіпкер ретінде сезініп, инвестиция жасап, табыс пен шығынды есептеп, стратегия құрып, командамен жұмыс істеді. Әр шешім – болашаққа жасалған қадам екенін түсінді.

«BAY OMIR» ойыны бізге қаржылық сауаттылықтың маңызын, дұрыс жоспарлаудың құндылығын және табысқа жету үшін батылдық пен білімнің қажет екенін көрсетті.

Осындай заманауи, креативті сабақтар білімге деген қызығушылығымызды арттырып, болашаққа деген сенімімізді нығайта түседі 💼📊

Share this Post