«Заңды білу – қауіпсіз болашақ кепілі» тақырыбында кездесу өтті
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттерімен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңды білу – қауіпсіз болашақ кепілі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қанатұлы Карбеков қатысып, жастар арасындағы құқықбұзушылық, буллинг және сталкинг мәселелері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, аталған әрекеттердің заң алдында жауапкершілігі бар екендігі түсіндірілді. Кездесу барысында студенттерге құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндіріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды. Шара соңында жастармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, құқықтық мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Қамтылған жастар саны: 50.