Ұлттық қолөнер – қыз тәрбиесінің алтын арқауы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Орталық Азия Инновациялық Университетінің «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, магистр, аға оқытушы Жүнісова Набат Әлібайқызы «Оңтүстік» телеарнасына арнайы сұхбат берді. Сұхбат барысында ұлттық қолөнердің қазақ қыздарының тәрбиесіндегі орны, оның рухани және мәдени маңызы туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Оқытушы студияға алып барған ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы олардың түрлерін, жасалу технологиясын және тәрбиелік мәнін таныстырды. Бұл бұйымдар қазақ халқының бай мәдени мұрасын айқындап, ұлттық өнердің тәрбиелік әлеуетін көрсетеді. Сонымен қатар сұхбатта ұлттық қолөнердің тек тәрбиелік мәні ғана емес, жастарға кәсіби бағдар берудегі маңызы да ерекше атап өтілді. Бұл бағытта Орталық Азия Инновациялық Университетінде жастарға арналған бірқатар шығармашылық және кәсіби білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, университетте «Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері», «Дизайн», «Музыкалық білім» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып, ұлттық өнер мен заманауи шығармашылықты ұштастыруға мүмкіндік бар. Аталған мамандықтар студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, ұлттық мәдениетті дәріптейтін, қоғамға пайдалы кәсіби маман болып қалыптасуына жол ашады. Сұхбат соңында Набат Әлібайқызы аяулы аналар мен аруларды, көрермендер мен жастарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, қыздардың бойына біліммен қатар ұлттық және рухани құндылықтарды сіңірудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге ол аналардың қыз тәрбиесінде ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттаудағы рөлі ерекше екенін жеткізді.
Share this Post