Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара

Орталық Азия инновациялық университетінің студенттер үйінде 10 желтоқсан күні «Химия, биология және экология»кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың” атты мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында еліміздің тәуелсіздік тарихы мен оның маңызы дәріптеліп, студенттердің патриоттық рухын көтеруге бағытталған концерттік бағдарлама, әдеби композициялар, викториналық сұрақтар мен көркем қойылымдар ұсынылды.Бұл іс-шара жас ұрпақтың елдік санасын қалыптастырып, Тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуге ықпал етті.

Share this Post