«Traveling» тақырыбындағы Speaking Club ашық сабағы ОАИУ-да өтті
Орталық Азия Инновациялық университетінде Speaking Club ұйымдастыруымен 10 желтоқсан 2025 жылы “Шет тілі: екі шетел тілі” және “Аударма ісі” білім алушыларының қатысуымен “Traveling” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің сөйлеу дағдыларын дамыту, шет тілінде еркін коммуникацияға бейімдеу және саяхат тақырыбы бойынша сөздік қорын кеңейту болды.
Ашық сабақ барысында қатысушылар түрлі елдер, мәдениеттер, көлік түрлері, саяхат жоспарлау және туристік бағыттар туралы пікір алмасып, рөлдік ойындар мен топтық тапсырмалар орындады.
Бұл формат студенттерге теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, шығармашылық ойлау мен тілдік құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді.