«Болашақ ғалымдары» халықаралық жобасы
ЖОО аралық келісім негізінде 2025 жылғы 11 желтоқсанда ОАИУ акт залында (Мардан Сапарбаев корпусы) А.С. Пушкин атындағы орыс тілі Институтының (Мәскеу қ.) делегациясы жобаның үйлестірушісі Парфенова Юлиана Николаевна – серіктестік бағдарламалар мен жобаларды сүйемелдеу бөлімі бастығының орынбасары ұсынған «Болашақ ғалымдары» халықаралық жобасының ашылу салтанаты өтті. Рәсім барысында халықаралық жобаның маңыздылығы мен мәні туралы білім беру-ғылыми презентациялар көрсетілді.
Іс-шараны жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға бағытталған университеттің Ғылыми бөлімі мен халықаралық байланыстарының қолдауымен ОАИУ «Тілдер мен әдебиеттер» кафедрасы ұйымдастырды. Жобаға университеттің 150 студенті, 46 магистранты және 43 профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
«Болашақ ғалымдары» жобасы халықаралық академиялық өзара іс-қимылдың көкжиегін кеңейтуге және елдеріміздің жастарын ғылым мен білім әлеміне тартуға бағытталған. 2026 жылдың көктемінде Мәскеуде форум өткізу жоспарлануда, оған ОАИУ филолог-ғалымдары шақырылды.
Ашылу салтанатында ОАИУ цифрландыру және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Л. В. Игнашова, Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ж. С. Қазанбаева, «Тілдер және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі М. У. Тусеев, жоба үйлестірушісі Ю. Н. Парфенова, Тілдерді оқыту орталығының жетекшісі Р. Д. Елибаева құттықтау сөз сөйледі.
Әрі қарай университетіміздің «Академик Мардан Сапарбаев» және «Ахмет Байтұрсынов» атындағы аудиторияларында филология ғылымдарының докторы, орыс әдебиеті және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры В.И. Аннушкин және А. С. Пушкин атындағы Орыс тілі институтының кафедра меңгерушісі А. Г. Жукова дәрістер оқып, ғылыми презентациялар ұсынды.
Жоба үйлестірушісі Ю. Н. Парфенова мен А. Акулов университеттің студенттері және магистранттарымен қызықты викторина, пікірталас өткізді, онда үздік командалар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

